Алматыда ұйымдастырылған осы шараға Мәмбет Қойгелдиев, Уәлихан Қалижан, Талас Омарбеков, Ханкелді Әбжанов, Аманжол Қалыш, Факия Шамшидинова, Досалы Салқынбек, Светлана Смағұлова, Асылбек Мейірманов, Нұрлан Атығаев және тағы басқа отандық маман ғалымдар-тарихшылар, этнологтер, шығыстанушылар, мұрағаттанушылар, философтар, мәдениеттанушылар, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, демографтар және білім алушы жастар қатысып, жоғарыда айтылған тақырыпта баяндама жасады.
Қырғызстаннан арнайы келген Қ.Қарасаев атындағы Бішкек гуманитарлық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Доолотбек Сапаралиев Қазақстанда жүзеге асып жатқан осы бағдарламаның құндылығы жайында айта келе, осы бағытта Қырғызстанда атқарылып жатқан игі іс-шаралар жөнінде кеңінен әңгіме қозғады.
Сонымен қатар осы конференцияда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» және «Туған жер» бағдарламасындағы негізгі мәселелердің жүзеге асырылу барысы талқыланды. Конференция жұмысы «Жер – аграрлық экономика негізі», «Ақылды технология және аграрлы-өнеркәсіптік кешен», «Адам және жер», «Табиғат және тарих: өзара әрекеттесу және келешегі» атты бағыттар бойынша ұйымдастырылды.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ